logo

Күрестен Олимпиада жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

Күрестен Олимпиада жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Сидней Олимпиадасының (2000 жыл) күміс жүлдегері, қазақстандық күрескер Ислам Байрамуков жаңа қызметке тағайындалды, деп жеткізеді Sport Plus Qazaqstan.

Байрамуков Алматы қаласының «Республикалық спорт колледжі» РМҚК директоры болып тағайындалды.

Маман Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің және Мәскеу қаласының әлеуметтік-гуманитарлық университетінің түлегі.



Күн шежіресі