logo

Фабьен Урега: Мен үшін Қазақстан керемет ел

Фабьен Урега: Мен үшін Қазақстан керемет ел

«Астана» клубының француз легионері Фабьен Урега Қазақстаннан кетуін түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Қазақстанмен қоштасатын ресми уақыт келді, мен «Астана» сапында ойнағаны үшін мақтанамын. Мен үшін Қазақстан керемет ел болды және ешқашан ұмытпайтын адамдармен таныстым. Барлық қолдаушыларға жігерлендіру және қолдау хабарламалары үшін рахмет айтамын және клубқа болашақта сәттілік тілеймін!»

Бұған дейін футболшы мен клуб өзара келісім бойынша қарым-қатынасты үзгені белгілі болған еді.