logo

«Эвертонның» бұрынғы ойыншысы өмір бойы түрмеге қамалды

«Эвертонның» бұрынғы ойыншысы өмір бойы түрмеге қамалды

Қытайдағы сот ағылшын «Эвертон» мен «Шеффилд Юнайтед» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ли Тені өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Спортшы 2022 жылдың қарашасында Қытай футболындағы сыбайлас жемқорлық ісін тергеу кезінде қамауға алынды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол Қытай ұлттық құрамасының бас бапкері болу үшін 630 мың еуро төлеген. Бұл қызметте Ли Те 2019 жылдан 2021 жылға дейін жұмыс жасады.

Сонымен қатар, Ли Те ҚХР-ның кіші лигаларында келісілген ойындар ұйымдастырды деп айыпталды. Сот барысында қытайлық маман өз кінәсін мойындады.