«Тобыл» өз қатарын «Эвертонның» түлегімен күшейтті
Того құрамасының жартылай қорғаушысы Дэвид Хенен «Тобылмен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
27 жастағы футболшы бельгиялық «Кортрейктен» ауысты. Бұған дейін француздық «Гренобль» және «Эвертон U23» ұжымдарында ойнаған.
Того құрамасы үшін 17 матч өткізіп, бір гол соққан.