logo

Есенаманов Чемпиондар лигасындағы 15-ші голын соқты

Есенаманов Чемпиондар лигасындағы 15-ші голын соқты

«Семей» МФК капитаны Шыңғыс Есенаманов Чемпиондар лигасындағы 15-ші голын соғып, бұл көрсеткішке үшінші клуб сапында қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.

Шыңғыс Есенаманов алғаш рет 2013 жылдың 2 қазанында Харьковте «Тұлпар» сапында жергілікті «Локомотив» командасының қақпасына (2:2) гол соққан болатын. «Тұлпар» сапында барлығы 5 гол, «Қайрат» сапында 9 гол соғып, енді «Семей» құрамында да мергендігімен танылды.

Шыңғыс Есенаманов қазақстандық ойыншылар арасында Чемпиондар лигасындағы ТОП-6 сұрмергеннің қатарына енді.

Қазақстандық клубтардың Чемпиондар лигасы (УЕФА Кубогы) сұрмергендері:
1. Лео Мендонка — 25;
2. Диваней — 17;
3. Дуглас Жуниор — 17;
4. Лео Сантана — 16;
5. Эдсон — 16;
6. Шыңғыс Есенаманов — 15.