«Қайрат» Аргентина құрамасының ойыншысын қатарына қосты
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Аргентина құрамасының 27 жастағы ойыншысы Кевин Арриетамен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кевин Арриета ресми түрде «Қайраттың» ойыншысы атанды. Тараптар «1+1» схемасы бойынша келісімшарт жасасты. Бұған дейін алматылық клубтың жаңа ойыншысы испандық «Альзира» намысын қорғаған.
Өткен Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатында 27 жастағы аргентиналық үздік үш сұрмергендер қатарына кірді. Арриета әмбебап ойыншы болып саналады.