АФК «Қайрат» Қазақстан құрамасының 29 жасар ойыншысы Арнольд Кнаубпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойыншы бұрын алматылық клуб үшін өнер көрсеткен. Кнаубпен жасалған келісімшарт 2024/25 маусымының соңына дейін жарамды.
Бұрын Арнольд «Тұлпар», «Жетісу», «Ақтөбе», «Каспий» және «Астана» сияқты командаларында өнер көрсеткен.
