«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар Лигасын бастады
Алматыда футзалдан Чемпиондар Лигасының тобы басталды, онда екі қазақстандық клуб — «Семей» мен «Қайрат», сондай-ақ венгриялық «Халадаш» және португалиялық «Спортинг» командалары өзара матчтар өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Топтың алғашқы матчында «Спортинг» «Семейді» 6:4 есебімен жеңді. Қазақстандық команданың құрамында голдарды Кайо Торрес, Кандидо, Чингиз Есенаманов және Дедезиньо соқты. «Спортинг» сапында Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан хет-трик жасады.
Ал «Қайрат» өз матчында «Халадашты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Голдарды Аллисон, Эдсон, Ариетта және Деннис соқты.