Шыңғыс Есенаманов: Сәттілік біз жақта болса, мүмкіндік бар еді
«Семей» МФК капитаны Шыңғыс Есенаманов футзалдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші турында «Спортингке» қарсы өткен матч (4:6) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
Жақсы ойын болды. «Спортинг» – мықты еуропалық команда. Олар бізге жақсы сабақ берді. Екінші таймда қорғаныста нашар ойнадық. Қарсылас өте жақсы өнер көрсетті, оларда көптеген мүмкіндік болды. Біз де өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Сәттілік біз жақта болса, ұпай еншілеуге мүмкіндік бар еді.