logo

«Ертістің» бас бапкері қызметімен қоштасты

«Ертістің» бас бапкері қызметімен қоштасты

Павлодарлық «Ертіс» 35 жастағы қазақстандық маман Сергей Якушиннің бас бапкер қызметінен кеткенін хабарлады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ертіс» футбол клубы мен команданың бас бапкері Сергей Якушин екі жақтың келісімі бойынша еңбек қатынастарын тоқтатты.

Якушиннің жетекшілігімен «Ертіс» биылғы маусымда 9 кездесу өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 1 рет тең түсіп, 2 рет жеңілген.



Күн шежіресі