Қайрат Нұрдәулетов шетелден түскен ұсыныстар туралы
«Жетісу» командасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов «Соққы және гол» YouTube-жобасында қонақта болып, футболшы кезінде шетелден түскен ұсыныстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Ертісте» ойнап жүргенде Украинаның жоғарғы лигасына көшуге ұсыныс болған. Ол кезде мен жас болдым – 21-22 шамасында. Одан кейін 2011 жылы Түркия Бірінші лигасының клубынан ұсыныс түсті. Олар Қазақстанға ұшып келіп, келісімшарт жасасуға дайын болды. Бұл ұсыныс ұнады, қызықтым, бірақ жанұям қарсы болған соң көшпедім. Ол кезде келіншегімнің аяғы ауыр болды, сол себепті Қазақстанда қалуды шештім», - деді Нұрдәулетов.