logo

Роман Муртазаев: «Елімай» - менімен жұмыс жасауға ниет білдірген жалғыз команда

Роман Муртазаев: «Елімай» - менімен жұмыс жасауға ниет білдірген жалғыз команда

«Елімайдың» шабуылшысы Роман Муртазаев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында семейлік клубқа ауысқаны және ұлттық құрама туралы айтып берді.

30-жасар шабуылшы жаңа маусымда семейлік «Елімайға» ауысып, мансабындағы кезекті қадамын жасады. Негізгі құрамнан алаңға шықпасада, Андрей Карпович жинаған команданың ең пайдалы ойыншыларының біріне айналды. Өткен турда Муртазаев өзінің бұрыңғы командасы «Астана» қақпасына гол соғып, «Елімайға» маусымдағы алғашқы үш ұпайды алу көмегін тигізді.

– Роман, Премьер-лигаға қайта оралған «Елімайдың» маусымдағы алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Ойын туралы пікіріңізді айтып кетсеңіз?

– Ойын оңай болған жоқ, қауіпті сәттер көп болды, әсіресе біздің қақпамыздың маңында. Ең бастысы – біз маусымдағы алғашқы жеңіске жеттік және келіп қолдаған жанкүйерлерімізді қуанттық. Дегенмен, бұл жеңіс әлі ештеңе шешпейді, сондықтан алға қарай ұмтылуымыз керек. Маусым әлі алда.

– Сіз үшін жақын «Астана» командасының қақпасына гол соқтыңыз және онымен қоса тойлап өттіңіз. Сезімдеріңізбен бөлісіп кетсеңіз?

– Иә, «Астана» мен үшін жақын клуб және менің оларға көзқарасым жылы. Бірақ маған кімге және қалай гол соққаным маңызды емес. Ең бастысы - «Елімай» жеңіске жетті.

Роман Муртазаев: «Елімай» - менімен жұмыс жасауға ниет білдірген жалғыз команда

«Елімай» сізге ұсынысты қай уақытта жасады? Басқа да командалардан ұсыныстар болды ма?

– «Елімай» менімен жұмыс жасауға ниет білдірген жалғыз команда болды. Сондықтан командаға келгеніме қуаныштымын.

– Жалпы ұжым туралы пікіріңіз?

– Үлкен нәтижелерге жетуге қабілетті бар өте сапалы және бірлікті ұжым жиналды. Бұдан бөлек, көптеген жігіттермен бұрыннан таныс едім.

– Жақында біздің құрама Грекия және Люксембургпен кездесулер өткізді. Ойындарды көрдіңіз бе? Не айта аласыз?

– Иә, әрине көрдім. Өкінішке орай, одан әрі өте алмадық, әйтпесе біз кезекті қадам жасауға өте жақын болдық. Дегенмен, барлығы Құдайдың қалауымен, демек, біздің тағдыр осылай болуы керек еді. Келешекте біз бүкіл еліміздің ұмтылатын мақсатына – үлкен турнирге жолдама алуға қол жеткіземіз деп үміттенемін.

Роман Муртазаев: «Елімай» - менімен жұмыс жасауға ниет білдірген жалғыз команда

– Ұлттар лигасының келесі айналымына орай құрамаға оралғыңыз келе ме?

– Құрама намысын қорғау – кез келген футболшының арманы. Барлығы халықаралық ойындардағы эмоцияларды сезінгісі келеді.

– Көптеген қазақстандық футболшылар Медиалигада ойнауда. Мысал ретінде, Алексей Щеткин мен Сергей Скорых. Сізге ұсыныс келген бе еді?

– Медиалигадан бір турнирге қатысуға шақырды. Бірақ бара алмадым және жалпы ол жерде ойнауға аса құлшынысым жоқ.

– Жақында «Ертіс» қайта жанданды. Бұл туралы ойларыңыз қандай?

– «Ертіс» туралы айтатын болсақ, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионының футбол картасына қайта оралуы өте жақсы. Оның үстіне, бұл команда маған бөтен емес. Егер олар ҚПЛ-на қайта оралса, бұл өте керемет болар еді.