«Ертіс» «Жеңіс» клубының бұрынғы футболшысын қатарына қосты

«Ертіс» «Жеңіс» клубының бұрынғы футболшысын қатарына қосты

Павлодарлық «Ертіс» 28 жастағы нигериялық шабуылшы Самсон Йедені қатарға қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанға келмей тұрып, Самсон Дания, Украина, Эстония, Бельгия және Сербия чемпионаттарында өнер көрсетіп, 200-ден астам матч өткізген. Өз мансабында ол «Пайде», «Фремад Амагер», «Ломмель», «Фредерисия», «Хорсенс», «Черноморец», «Ворскла» және «Нови-Пазар» клубтарының намысын қорғаған.

Шабуылшының Еурокубоктарда ойнау тәжірибесі де бар. Эстонияның «Пайде» клубы сапында ол Еуропа лигасы УЕФА іріктеу матчтарына қатысқан.

Ағымдағы маусымның бірінші жартысын ол елордалық «Жеңіс» құрамында өткізіп, 12 матчта алаңға шығып, 1 гол соққан.



Күн шежіресі