«Жеңіс» сапын киевтік «Динамо» клубының түлегі толықтырды
«Жеңіс» клубы 27 жастағы украиналық шабуылшы Владислав Наумецпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вингер елордалық клубқа «Ордабасыдан» ауысты. Осы маусымда шымкенттік клуб сапында Наумец 11 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Владислав Наумец — киевтік «Динамо» клубының түлегі. Өз мансабында ол Грекияның «ПАС Янина» клубында, сондай-ақ Украинаның «Черноморец», «Металлист» және «ЛНЗ» клубтарында өнер көрсеткен.