«Ертіс» бразилиялық ойыншымен келісімшартқа отырды
Павлодарлық «Ертіс» клубы 31 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Лукас Рамоспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лукас Рамос командаға Польшаның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Одра Ополе» клубынан ауысты. Өткен маусымда ол 25 матч өткізіп, 2 гол соққан.
Кәсіби мансабында бразилиялық Грекия, Албания, Кипр, Индонезия және Польша чемпионаттарында ойнап, «Аполлон Лариса», «Ламия», «Фламуртари», «Лячи», «Верия», ПАЕК, «Дева Юнайтед», «Отеллос Атиену», «Котвица» және «Одра Ополе» клубтарының намысын қорғаған.
Өз мансабында жартылай қорғаушы 150-ден астам ресми матч өткізіп, Еуропа чемпионаттары мен еурокубоктарда да өнер көрсеткен.