Екі әсем гол «Астанаға» жеңіс сыйлады (видео)
«Астана» өз алаңында «Ертіс» командасын хорват легионерлерінің қос тамаша голының арқасында жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Алдымен Карло Бартолец шамамен 40 метр қашықтықтан қарсылас қақпасын дәл көздеді. Одан кейін Марин Томасов Рамазан Кәрімовпен нәтижелі «қабырға» ойынын ұйымдастырып, есеп айырмасын екі голға жеткізді.
Кездесу 2:0 есебімен «Астананың» пайдасына аяқталды.