Қазақстанның отырып ойнайтын волейбол құрамасы Азия Пара ойындарының финалына шықты
22 қазанда өткен жартылай финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Ирак командасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Тартысты өткен матчта Ирак құрамасы алғашқы екі партияда 27:25 және 25:21 есебімен басым түсті. Алайда қазақстандық волейболшылар ойын барысын өзгертіп, келесі үш партияда 25:13, 25:15 және 15:8 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Таиланд командасын жеңіп, Иран құрамасына 0:3 есебімен есе жіберген болатын.
Енді қазақстандық волейболшылар Азия Пара ойындарының алтын медальдары үшін сынға түседі.