Ермахан Орынтаев – LFA америкалық лигасындағы алғашқы қазақ
Қазақстандық ММА жауынгері Ермахан Орынтаев (5-0) америкалық LFA лигасындағы дебютіне дайындалуда, деп хабарлайды Sport+.
Оның қарсыласы тәжірибелі америкалық файтер Адриан Гарсия (9-3-1) болады.
Жекпе-жек 14 қараша күні АҚШ-тың Массачусетс штатында өтеді.
Ермахан бұған дейін кәсіби жекпе-жектерін Қазақстанда NAIZA промоушенінде өткізген. Бұл — оның америкалық лигада келісімшарт бойынша өткізетін алғашқы айқасы.