logo

Алматыдағы NAIZA турнирі: экс-чемпиондар шайқасы

Алматыдағы NAIZA турнирі: экс-чемпиондар шайқасы

NAIZA лигасы қараша айында Алматыда өтетін турнирінің кардын жариялауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sport+. 

Ивент аясында жеңіл салмақтағы лига белдігіне бұрынғы үміткер Тамерлан Саралапов пен «Alash Pride» лигасының экс-чемпионы Ансар Қасымжанов жекпе-жек өткізеді.

Тамерлан ұзақ уақыттан бері салмақ дәрежесін көтеруді жоспарлап жүрген еді. Ал Ансар NAIZA-да әзірге тек бір ғана айқас өткізген, Саралаповпен болатын текетірес оның ұйымдағы екінші сынағы болмақ.

Турнирдің басты жекпе-жектері екі титулдық айқастан тұрады — жартылай жеңіл салмақта чемпион Нұрбек Қабдрахманов пен Бағлан Жеңісұлы арасындағы реванш өтеді, ал қос басты кездесуде белдік үшін Бекжан Абылқасым мен Бежан Ходжалиев күш сынасады.

Турнир де, аталған жекпе-жек те 29 қараша күні Алматыда өтеді. Тікелей трансляция Sport+ арнасында көрсетіледі.



Күн шежіресі