logo

NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы қараша айындағы турнирде қайта оралады

NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы қараша айындағы турнирде қайта оралады

NAIZA лигасының жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Николай Самусев қараша айындағы турнирде октагонға қайта оралуға дайын, деп хабарлайды Sport+.

Самусев лигадағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылы өткізген. Сол кездесуден кейін ол тізе жарақатына байланысты чемпиондық белбеуін босатқан болатын. Жарақатынан айыққан соң Николай BRAVE лигасында жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойды, алайда сәтсіз құлаудың салдарынан қолын сындырып алды.

Енді чемпион өз есімін қалыптастырған октагонға қайта оралуға әзір.

Турнир 29 қараша күні Алматы қаласында өтеді. Жекпе-жек кешін Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.



Күн шежіресі