Еркін күрес балуандары Иранға аттанады
Қазақстан құрамасы Ирандағы еркін күрестен клубтық әлем Кубогына қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
5-6 наурыз күндері Тонекабон қаласында сегіз команда Кубок пен 40 мың АҚШ долларын өзара сарапқа салады. Балуандар Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Үндістаннан келеді. Ал, кілем қожайындары екі команда қатыстырады. Олар Иран лигасының чемпионы «Банк Шахр» және жарысты өткізетін қала ретінде Тонекабон клубы.
Осымен сегізінші рет өткелі тұрған әлем Кубогына қатысатын Қазақстан балуандары:
Дәулет Теміржанов (57 кг), Қуат Әміртаев (61 кг), Нұрахмет Дидар (65 кг), Қуаныш Дүйсенқұл (70 кг), Санжар Досжанов/Мұрат Жақыпов (74 кг), Ергеш Дәулет (79 кг), Жігер Зәкіров (86 кг), Әбдіманап Байгенжеев (92 кг), Серік Бақытханов (97 кг), Нұрсұлтан Азов (125 кг).