Жарақатым ел айтқандай аса қауіпті деңгейде емес – Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова осыдан тура бір апта бұрын Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан Grand Slam турнирінде тағы да ел қоржынына жүлде сыйлаған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол денсаулығына қатысты пікір білдірді.
Мен жарысқа мүлде жарамай қалған жоқпын. Өткенде бір журналиске берген сұхбатымда аздап иығым ауыратынын айтқаным рас. Бірақ, ол менің сөздерімді бұрмалап, «Әбибаға иығына операция жасату керек» деп жазып жіберіпті.
Егер, менің иығым сол журналист айтқандай аса қиын деңгейде болса, онда жарыстарға қатысудан бас тартар едім ғой. Менде ғана емес, спортпен кәсіби түрде айналысып жүрген барлық әріптесімде кішігірім жарақаттар бар.
Ондай кезде таңып не буып алып, жарысқа шығамыз, күресеміз. Қазір менің иығымдағы жарақатым 20 пайыз емделуді қажет етеді. 80 пайыз күресуге дайынмын, - деді Ә.Әбужақынова.