logo

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогы сарапқа салынған жарыс өтті

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогы сарапқа салынған жарыс өтті

Бүгін Астана қаласында шағын футболдан этномәдени бірлестіктердің арасындағы кезекті турнир басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Шағын футболдан жыл сайын дәстүрге айналған шағын футболдан кезекті спорттық турнир өз бастауын алды.

«Астана қаласының этномәдени бірлестіктердің арасындағы жарысымыз тұрақты түрде өтеді. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бар екендігі мәлім. Оның барлығы тек дөңгелек үстелде ғана емес, жасыл алаңда бас қосып тұрғанын дұрыс деп есептейміз. Себебі, бейресми кездесулерде азаматтар өздерін еркін сезініп, тез тіл табысып кетеді. Сондықтан бүгінгі спорттық шарамызда тек қана жеңімпазды анықтап қана қою біз үшін жеткіліксіз» — деді ҚХА өкілі Арман Жәниев.

Аталмыш додада 9 команда (түрік, ұйғыр, әзербайжан, неміс, татар, өзбек, қырғыз, тәжік және достық командасы) бас жүлдені сарапқа салуда.

«Тұрақты түрде осы турнирге қатысамын. Спорттың орны бөлек. Күнделікті қым-қуыт тіршіліктің арасында осындай шаралар өмірге өз бояуын береді. Жарыс деген аты болған соң, ешкім де жеңілгісі келмейді. Адреналин, мінез, достық сезімдер артады. Осындай бәсекелер көп бола берсін» — деп ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшесі Раваэль Меримов өз пікірін білдірді.

 Топ жарып шыққан командалар арасындағы ақтық кездесу мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 23 маусымда өтеді.