logo

Евгений Березкин: Біздің де, қарсыластың да қарқыны ақсап тұр

Евгений Березкин: Біздің де, қарсыластың да қарқыны ақсап тұр

«Қызыл-Жар» клубының капитаны Евгений Березкин Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында команданың жеңіссіз сериясы, сұрмергендік қасиеттері және алдағы елордалық «Астанаға» қарсы ойынға дайындық туралы айтты.  

- Үзілістен кейін команда жаттығуды бастады. Жаттығу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

- Жаттығу жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Алдағы ойынға дайындалуға уақыт жеткілікті. Елордалық командаға қарсы, жақсы физикалық дайындықта боламыз деген үміттемін.

- Екінші маусым қатарынан команда чемпионатты жақсы бастап, кейін көшбасшыларға ілесе алмай жүр. Сіздің ойыңызша турнир кестесінде фавориттермен қатарласуға не жетіспейді?

- Бұл сұраққа жауап беру қиын. Екі маусымды салыстыруға келмейді. Себебі, мен команданың ойынға, жаттығу процессіне деген дайындығын көріп жүрмін. Шынымды айтсам, кейбір кездесулерде неге жеңіске жетпегенімізді түсінбеймін.

- Бес ойын қатарынан чемпионатта команда жеңіске жете алмауда. Психологиялық тұрғыда қаншалықты командаға әсер етеді? Ұжым ішіндегі микроклимат қандай?

- Психологиялық тұрғыда қаншалықты қаламасаңда өз әсері бар екені анық. Алайда біз позитивті ойлауға тырысамыз. Командадағы микроклимат жақсы. Жігіттер бір-бірімен әзілдесіп, өзара араласады.

- Өткен маусымнан кейін Қазақстан клубтарынан ұсыныс болды ма? Не себепті «Қызылжарда» қалуды жөн көрдіңіз?

- Нақты ұсыныс болған жоқ. Маусымнан кейін бас бапкермен сөйлестім, маған сенім білдіретінін айтты. Сонымен қатар, командада капитанмын, бұл - мен үшін үлкен мотивация.

Евгений Березкин: Біздің де, қарсыластың да қарқыны ақсап тұр

- Қазір уақытта сіз үздік сұрмергендер қатарындасыз. Осы маусымда индивидуалды тұрғыда алдыңызға мақсаттар қойдыңыз ба?

- Бұл бәсеке қатарында болғаннан кейін, әрине, үздік сұрмерген атанғын келеді. Бірақ, мен үшін команданың нәтижелері маңызды. Қорғаушы, шабуылшы соқса да жеңіске жетсек болғаны.

- Алдағы сенбі өз алаңдарыңызда «Астана»  командасын қабылдайсыздар. Командаңыздың қарқынын, мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?

- Мүмкіндік әрдайым бар. Біздің де, қарсыластың да қарқыны ақсап тұр. Біз тек жеңіске ұмтылатынымыз анық. Өз алаңымызда, жанкүйердің ыстық қолдауымен ойнаймыз.