logo

«Елімайға» Украина құрамасының бұрынғы ойыншысының қызметтері ұсынылды

«Елімайға» Украина құрамасының бұрынғы ойыншысының қызметтері ұсынылды

Жартылай қорғаушы Игорь Харатин семейлік «Елімай» ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тәжірибелі футболшының қызметтері жартылай қорғанысты күшейтуге ниетті қазақстандық клубқа ұсынылды.

Харатин украиндық «Заря» және мажарстандық «Ференцварош» сапында ойынымен танымал. Сондай-ақ, футболшы мансабында украиналық «Металлист» және польшалық «Легия» клубтары болды.

29 жастағы ойыншының соңғы жұмыс орны - словакиялық «ДАК Дунайска Стреда» клубы.

Харатиннің УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсету тәжірибесі бар, Украина құрамасы намысын төрт рет қорғады.