«Елімай» құрамын қазақстандық жартылай қорғаушымен толықтырды
Семейдің «Елімай» футбол клубы 22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Оматаймен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мирас Оматай — «Қайрат» академиясының түлегі. Жастар деңгейінде «Қайрат-Жастар» сапында өнер көрсетіп, сондай-ақ Қазақстанның U-17 және U-19 жасөспірімдер құрамаларында доп тепкен.
Жартылай қорғаушының соңғы клубы павлодарлық «Ертіс» болды.
Жаңа клубында Мирас Оматай 8-нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді.