«Елімай» Кореяның екінші лигасынан келген сербиялықпен келісімшарт жасасты
«Елімай» футбол клубы сербиялық кәсіпқой футболшы Фейсал Муличпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+.
Фейсал Мулич өзінің мансабын «Нови-Пазар» (Сербия) және «Мюнхен 1860» (Германия) клубтарында бастаған. Оның футболдағы жолында сондай-ақ «Вележ» (Босния және Герцеговина), «Хапоэль Тель-Авив» (Израиль), «Мура» (Словения) және «Мускрон» (Бельгия) клубтары бар.
2024 жылғы маусымды Кореяның К-Лига 2 турнирінде өткізген. «Сувон Блюуингз» сапында 35 матчта 10 гол соқты. Сондай-ақ, 2023 жылы Кореяның Жоғарғы лигасында өнер көрсетіп, 22 ойын өткізіп, 4 гол соққан. Муличтің бойы 2,03 метрді құрайды.