«Елімай» клубы өз түлегімен келісімшартты бұзды
Семейлік «Елімай» клубы 31 жастағы жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиевтің клубтан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Нұрғалиев Қазақстан Премьер-лигасында бірнеше командада өнер көрсеткен, соның ішінде «Ертіс», «Оқжетпес», «Шахтер», «Ақтөбе» және «Каспий» командалары бар. Соңғы екі маусымда Еркебұлан «Елімай» намысын қорғаған. Келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды.
Мансабының барысында Нұрғалиев ҚПЛ-да 147 матч өткізіп, 13 гол соғып, 19 нәтижелі пас берген.