logo

Доминикана құрамасының ойыншысы «Елімайдан» кетті

Доминикана құрамасының ойыншысы «Елімайдан» кетті

Семейлік «Елімай» Доминикан Республикасы құрамасының 27 жастағы жартылай қорғаушысы Эдарлин Рейес Уреньямен қоштасқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Жазда футболшы «Аль-Иттихад» (Ливия) клубынан еркін агент ретінде «Елімайға» ауысқан болатын. Жарты маусымда ол 15 матчта 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.