Елена Рыбакина ашық жаттығу өткізді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін турнирдің алдында белоруссиялық Арина Соболенкомен ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды Sport+
2 қараша күні басталатын жарыс - маусым нәтижесінде үздік шыққан әлемнің үздік сегіз теннисшісі қатысатын WTA қорытынды турнирі.
Елена Рыбакина күлгін топ сапында өнер көрсетеді. Оның қарсыластары Арина Соболенко (WTA-1), Жасмин Паолини (WTA-4) және Чжан Цинвэнь (WTA-7).
Қызыл-сары топта Ига Швентек (WTA-2), Кори Гауфф (WTA-3), Джессика Пегула (WTA-6) және Барбора Крейчикова (WTA-13) сынды теннисшілер.
Рыбакина 2 қарашада Паолиниге қарсы алғашқы матчын өткізеді. Турнир 9 қарашада аяқталады.