Елена Рыбакина бақ сынайтын WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) 2-9 қараша аралығында өтетін WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport +.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина күлгін топқа түсті.
Оның қарсыластары:
Арина Соболенко (Беларусь, 1);
Жасмин Паолини (Италия, 4);
Чжэн Циньвэнь (Қытай, 7).
Қызғылт-сары топта мына теннисшілер бақ сынайды:
Ига Швёнтек (Польша, 2);
Кори Гауфф (США, 3);
Джессика Пегула (США, 6);
Барбора Крейчикова (Чехия, 8).
Топ жеңімпазы жартылай финалда келесі топта екінші орын алған теннисшімен кездеседі.
Жылдың қорытынды турнирінің жүлде қоры рекордтық көлемде белгіленді – 15,25 млн АҚШ доллары.