Қазақстандықтар үстел теннисінен халықаралық турнирде екі күміс медаль жеңіп алды
Египетте өткен «WTT Youth Contender» халықаралық үстел теннисі турнирінде қазақстандықтар екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
19 жасқа дейінгі санатта Жанерке Қошқымбаева Қазақстан қоржынына күміс медаль салды. Ол бес ойын өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті.
Сонымен қатар, 11 жастағы Жания Бекмұхамбетова да екінші күміс медальді иеленіп, алты ойынның бесеуінде жеңіске жетті.
Турнирдің алғашқы күнінде Бекмұхамбетова 13 жасқа дейінгі санатта чемпион атанған болатын.