Попко АҚШ-та сәтсіз өнер көрсетті
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP 175) АҚШ-тың Шарлотсвилл қаласындағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.
Алғашқы айналымда Попко америкалық Райли Опелкамен (295-орын) кездесіп, жеңіліске ұшырады. Қазақстандық теннисші бірінші сетте 7:5 есебімен жеңіске жеткенімен, екінші сетте 1:6 есебімен ойсырай ұтылды, ал үшінші сетте тай-брейкте 6:7 (1:7) есебімен есе жіберді.
Матч 2 сағат 2 минутқа созылды.