Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне қатысу үшін Сауд Арабияға аттанды
Қазақстандық теннисші және әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядқа 2 қарашада басталатын WTA қорытынды турниріне қатысу үшін келді, деп хабарлайды Sport+.
Спортшының Сауд Арабиясына ұшып кеткенін оның физиотерапевті Стефан Дуэлл әлеуметтік желідегі парақшасында ұшақтан түсірілген фотосуреттерді жариялап растады.
Елена Рыбакина соңғы рет кортқа 2024 жылдың тамызында, US Open-нің алғашқы кезеңінде шыққан еді. Ол екінші айналымда турнирден шығып, көп ұзамай өз бапкері Стефано Вуковпен әріптестігін тоқтатқанын жариялады.
Содан кейін Рыбакина Сеул, Бейжің және Уханьдағы турнирлерге қатысудан бас тартты.