Егембердиев пен Кичигин АСА 179 турнирі алдында салмақ өлшеуден өтті
АСА 179 турнирі алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық Евгений Егембердиев пен Георгий Кичигин өз салмақ категорияларының шегіне сәтті сыйды.
Егембердиевтің салмағы 93,5 келі, ал оның қарсыласы Елхан Мусаевтың салмағы 93,1 келі болды.
Кичигиннің салмағы 77,6 келі, ал Андрей Кошкиннің салмағы 77,55 келі көрсетті.
Турнир 8 қыркүйекте Краснодар қаласында өтеді. Турнирді тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan арнасынан көруге болады.