Дзюдошы Айша Алтай жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды
 
                                            Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі Айша Алтай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 70 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айша ақтық сында өзбекстандық Шохиста Тураевамен белдесті.
Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты.
 
    