logo

Қазақстандық дзюдошы Ұлан-Батордағы Grand Slam турнирінде қола медаль үшін бақ сынайды

Қазақстандық дзюдошы Ұлан-Батордағы Grand Slam турнирінде қола медаль үшін бақ сынайды

25 шілдеде Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан Grand Slam сериясындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап

Бірінші жарыс күнінде финалдық кезеңге Қазақстан құрамасынан тек бір спортшы ғана өтті.

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бауыржан Нарбаев қола медаль үшін күреседі. Оның қарсыласы — моңғолиялық Баттогтох Эрхембаяр. Осы салмақта Ержан Еренқайыпов алғашқы белдесуінде-ақ жеңіліп қалды.

Сондай-ақ жарыстың басында Талғат Орынбасар мен Нұраділ Әлжан (60 келіге дейін) да қарсыластарына жол берді.

Ал Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) жұбаныш белдесуіне дейін жетіп, қытайлық Юйхон Яоға есе жіберді.