Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстанның құрамы белгілі болды

5-7 қазан аралығында Перудің Лима қаласында дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Әлемдік додада 18 балуан ел намысын қорғайды.
Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама сапына төмендегідей дзюдошылар енген:
Ұлдар:
60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Телжан Сұлтанбай
66 келіге дейін: Ақылжан Жұбатқанов, Қайырхан Абдрахман
73 келіге дейін: Омар Нұрбергенов
90 келіге дейін: Даниил Крылов, Арман Билалханов
100 келіге дейін: Асқар Бержанов
100 келіден жоғары: Жантілек Нұртілепұлы
Қыздар:
48 келіге дейін: Тасним Әбдуәлі, Сабина Юлдашбекова
52 келіге дейін: Нұрайлым Сәрсенбек, Аяулым Қайрат
57 келіге дейін: Дана Әбдірова
63 келіге дейін: Дильназ Досберген
70 келіге дейін: Көркем Орымбек
78 келіге дейін: Анастасия Нагачевская, Салтанат Ахметова