Дзюдодан European Open халықаралық турнирінде ел намысын кімдер қорғайды?
Бүгін, яғни 10 ақпан күні Венгрияның Дьёр қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында European Open халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аталған сында қазақстандық татами шеберлері де бақ сынайды.
Олар:
60 келі: Қанат Сейілхан, Шерзод Давлатов, Нұрдәулет Мирамбеков, Дамир Болатбеков
66 келі: Еламан Сұлтанбай
73 келі: Барыс Қуан, Саят Сейітқалиев, Ислам Тоқтасын, Ермек Амангелді, Темірлан Сағындықов
81 келі: Ерзат Арғынов
90 келі: Қазыбек Рақышев, Аян Байғазы
100 келі: Ермұхан Естай
+100 келі: Мади Еділбаев, Санжар Жабборов
Аталған жарысқа әлемнің 36 елінен 399 татами шебері қатысады.