Qazaqstan barysy Grand Slam турниріне қатысатын әйелдер құрамасы
Астанада өтетін дзюдодан Qazaqstan barysy Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
-48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай
-52 кг: Толғанай Абеуова, Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева
-57 кг: Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Үсейн, Дина Муханбет, Дана Әбдірова
-63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова
-70 кг: Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова
-78 кг: Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская
+78 кг: Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова
Жарысты қабылдаушы ел ғана әр салмақ дәрежесінде максималды төрт спортшыдан шығаруға құқылы. Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл жарысқа 86 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.