logo

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Спортшылар атын арнайы бортпен әкеле ме?

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Спортшылар атын арнайы бортпен әкеле ме?

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаевтың айтуынша, шетелдік спортшыларды жарыс иесі ретінде Қазақстан атпен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Дирекция шетел спортшыларына ат үлестіреді. Тек көрші Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан спортшылары өз аттарымен келеді», - деді ол.

Яғни, көрші елдің спортшылары аттарын арнайы көлікке салып, ел шекарасын аттамақ.

Шетелдік спортшылар өз аттарымен келмегендіктен жүлде ауылынан алыс қалады деуге келмес. Оларға еліміздегі үздік аттар ұсынылмақ.