«Атыраудың» бұрынғы бас бапкері «Тұранның» тізгінін ұстауы мүмкін
«Атырау» футбол командасының бұрынғы бас бапкері Виталий Жуковский түркістандық «Тұранның» тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Өткен чемпионатта «Атырау» Виталий Жуковскийдің басшылығымен жарысты турнир кестесінің 7 орынында аяқтады. Сонымен қатар, «мұнайшылар» Қазақстан кубогының финалына жетіп, онда «Ақтөбеге» жол берді.
Жалпы белорус маманы «Атырау» тізгінін 2022 жылдың тамызында ұстаған болатын.
Жуковскийден бөлек «Тұран» бас бапкер қызметіне қазақстандық маман Константин Горовенконы қарастыруда.