Рожерио Шина «Елімай» клубынан кетті
Семейлік «Елімай» бразилиялық шабуылшы Рожерио Алвес Дос Сантоспен (Шина) қош айтысқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Бразилиялық ойыншының клубпен келісімшарты аяқталып, ол «Елімай» командасынан кетті.
Шина семейлік клубқа 2024 жылдың басында қосылған болатын. Ол команда сапында 29 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін Шина Қазақстанда «Ақтөбе» клубының намысын қорғаған.