Дулат Бекбауов Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Таиландтың Чианг Мэй қаласында бокстан ерлер және әйлдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+
Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға алғаш боп шыққан 67 келі салмақ дәрежесіндегі Дулат Бекбауов болды. Бірінші жекпе жегінде ол тайпейлік қарсыласынан 5:0 есебімен сенімді жеңді.
Дулаттың ендігі жекпе жегі 4 желтоқсан күні Малайзия спортшысымен өтеді. Бұл қарсылас алғашқы айналымда Жапония спортшысымен кездесуі керек еді, алайда қарсыласы рингке шыға алмады.