Бүгін бокстан Азия чемпионаты басталады
11 желтоқсанға дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесінде ерлер – 13, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі, деп хабарлайды Sport +.
Биылғы Азия чемпионатының ерекшелігі, сары құрлық додасына алғаш рет Украина боксшылары да қатыспақ. Бұл Азия чемпионатында тіркелген алғашқы жайт болса да, Еуропа чемпионатында өзге құрлықтан, яғни, Израиль, Мысыр сияқты елдердің де боксшылары қатысқан кездер болған.
Қазақстан ерлер құрамасынан Азия чемпионатына қатысатын 13 боксшының екеуі, яғни, Санжар Тәшкенбай (48 кг, 2022 жыл) мен Айбек Оралбай (92 кг, 2022 жыл) бұған дейін Азия біріншілігінде топ жарған. Сондай-ақ Таиландта төрт әлем чемпионы жұдырықтасады.
Олар: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) және Бекзат Нұрдәулетов (86 кг). Ал Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг) және Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) Азия чемпионатына алғаш рет қатысады.