Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толық Қылышев Тайландта өтетін Азия чемпионатына қатысты пікір білдірді.
«Азия құрлығындағы бәсекелестік өте жоғары. Біз үшін ең басты қарсылас – Қазақстан құрамасы. Одан кейін жерігілікті жігіттер, яғни, Тайланд боксшылары. Сонымен қатар, Үндістан командасында мықты спортшылар бар. Украина былғары қолғап шеберлері де Азия чемпионатына қатысады. Міне, негізгі тартыс осы елдер арасында болады. Моңғолия, Қырғызстан және Тәжікстан боксшылары да кей салмақтарда бас жүлдеге таласады» - дейді Толқын Қылышев.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) өтеді.