Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартқан Шираз жазаға ілікті
WBO-ның жаңа президенті Густаво Оливьери жаңа ереже енгізді, соған сәйкес чемпионмен айқас өткізуден бас тартқан боксшы рейтингіден шығып қалады, деп хабарлайды Sport +.
«Бізге Шираздың чемпиондық атаққа таласқысы келетіні туралы ақпарат келіп түсті. Ол біздің аймақтық титулдарымызға ие болып, біртін-біртін рейтингідегі орны да жоғарылай бастады. Ал бірінші орын алғанда, міндетті үміткер атанды. Біз келіссөздер өткізуді тапсырдық, дегенмен бірнеше күннен соң Queensberry Promotions-тен Шираздың хатын алдық. Онда «Мүмкіндік үшін рахмет, бірақ біз әрі қарай басқа жолмен жүруді құп көрдік» деп жазылған. Міндетті үміткердің бірі чемпиондық атақ үшін жекпе-жектен бас тартса, WBO чемпиондық комитеті боксшыны рейтингіден шығаруға немесе оны төмендетуге құқылы. Сондықтан мен оны рейтингіден шығару туралы шешім шығардым. Бұл Шираз екеуміздің шешіміміз», - деді Оливьери.
Queensberry Promotions президенті Фрэнк Уорреннің айтуынша, Шираз чемпиондық титулға басқа жолмен жетуді көздеп отыр.