logo
Live

Дін-Мұхаммед Қошқар Стамбулдағы іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Дін-Мұхаммед Қошқар Стамбулдағы іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Дін-Мұхаммед Қошқар ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Грек-рим күресінен 67 келі салмақта бақ сынап жатқан Қошқар 1/8 айналымда Еуропа чемпионы, румыниялық Михай Михуцты мерзімінен бұрын жеңді. 

Осылайша, қазақстандық балуан турнирдің ширек финалына өтті. 

Айта кетелік, Стамбулдағы соңғы іріктеу турнирінде әр салмақта алғашқы үш орынға ие болған балуандарға жолдама беріледі. 



Күн шежіресі