Дәулетбеков, Әлиев және басқалар. Еркін күрестен ел кубогының финалдық екінші күнін тікелей эфирі

Күрестен Қазақстан кубогының екінші жарыс күнінің финалдары 26 мамыр күні өтеді.
Жарыстың екінші күнінде еркін күрестен 61, 70, 74, 79 және 92 келі салмақ дәрежелерінде финалға шыққан балуандар анықталды.
Финалдық жұптар:
61 келі: Асыл Айтақын (Алматы қ.) — Әділ Оспанов (Қарағанды обл.)
70 келі: Мейіржан Әшіров (Жамбыл обл.) — Маис Алиев (Маңғыстау обл.)
74 келі: Елдос Қуанышбай (Жамбыл обл.) — Әлібек Абдықасымов (Алматы обл.)
79 келі: Нұрлан Бекжанов (Астана қ.) — Дәулет Ергеш (Жамбыл обл.)
92 келі: Самир Дурсунов (Алматы қ.) — Азамат Дәулетбеков (ШҚО)
Финалдық белдесулер сағат 18:00–де басталады.
Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube желісіндегі sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.