Бублик Қытайдағы турнирдің бірінші айналымында жеңіліс тапты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан жеке турнирдегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
1/16 финал кезеңінде Александр хард кортта италиялық теннисші Флавио Коболлимен (әлемнің 32-ракеткасы) кездесіп, үш сетте 6:4, 1:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
Ойын екі сағат алты минутқа созылды.